Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Әділет министрінің м.а. Рустам Бадасянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Әділет министрінің м.а. Рустам Бадасянмен кездесті

Ереван, 2021 жыл 2 шілде - Елші Болат Иманбаевтың Әділет министрлігінің м.а. Рустам Бадасянмен кездесуі өтті. Кездесуде Қазақстан – Армян ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде екі елдің ведомстволары арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимыл талқыланды.

Әділет министрінің міндетін атқарушы қазақстан-армян ынтымақтастығының үдемелі дамуына жоғары баға берді, сондай-ақ Армян тарапының Қазақстанмен өзара іс-қимылды екіжақты деңгейде де, ортақ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде де нығайтуға бейілділігін атап өтті.  

Р. Бадасян құқық, сыбайлас жемқорлық заңнамасы және сот жүйесі саласындағы екі елдің министрліктері мен ведомстволары арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Елші сұхбаттасын еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының өзекті бағдарламалары, Мемлекет басшысының республиканы одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформалары, сондай-ақ ҚР халықаралық бастамалары туралы хабардар етті. Армян тарапы Қазақстанның 2020-2022 жылдарға арналған АӨСШК төрағалығының басымдықтарымен және кезекті отырысы 2022 жылға жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу жөніндегі Қазақстандық бастамамен таныстырылды.

(СВМДА) АӨСШК - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес.