Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Никол Пашинянды өзі басқаратын «Гражданский договор» партиясының кезектен тыс өткен Парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

– Дауыс беру қорытындысы мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті нығайтуға және елдегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған Сіздің саяси ұстанымыңызды халық қолдайтынын  айқын көрсетті, – делінген жеделхатта. 

Президент бірлескен белсенді күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастар екіжақты форматта да, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграция аясында да нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның достас Арменияны өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.