Ереванда ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық балалардың "Әлем балалар көзімен" атты суреттер көрмесі өтті

Ереванда ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық балалардың "Әлем балалар көзімен" атты суреттер көрмесі өтті

Ереван, 1 маусым 2021 ж. – Ереванда М.Измирлян атындағы балалар үйінде  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Армения президентінің жұбайы Нуне Саркисянның қамқорлығымен ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық балалардың "Әлем балалар көзімен" атты көрмесі өтті. Оны Қазақстанның Армениядағы Елшілігі, АР Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі, "Аялаған алақан" қазақстандық қоғамдық қоры және Еревандағы  М.Измирлян атындағы ақыл-ой және физикалық кемшіліктері бар арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған балалар үйі ұйымдастырды.

Көрменің ашылу салтанатына Армения Еңбек және әлеуметтік мәселелер Министрінің бірінші орынбасары Татевик Степанян, М.Измирлян атындағы балалар үйінің директоры  Тамара Мнацаканян, мемлекеттік, қоғамдық және гуманитарлық ұйымдардың басшылары, Ереванда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Армения президентінің зайыбы Н.Саркисян өзінің құттықтау сөзінде екі елдің балаларын біріктіретін осындай бастамалардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев көрменің екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Көрме барысында қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерімен, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен демократиялық реформалармен, оның ішінде балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы реформаларымен танысты. Іс-шара аясында Елшіліктің және ҚР Құрметті консулдығының атынан М. Измирлян атындағы балалар үйіне барып спорт жабдықтары мен сыйлықтарын сыйға тартты.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық балалардың жұмыстары қоғам арасында үлкен қызығушылық тудырған "Ереван – менің махаббатым" қайырымдылық қорының концертінде ұсынылды.