ҚР Сауда министрлігі Арменияға қазақстандық бизнестің қызметтері мен тауарларының тізімін ұсынды

ҚР Сауда министрлігі Арменияға қазақстандық бизнестің қызметтері мен тауарларының тізімін ұсынды

Қазақстан мен Арменияның сауда уағдаластықтары 90% - ға орындалды.  Қалған 10% - ы ұзақ мерзімді сипатқа ие және олар бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Бұл және 2017 жылы Ереванда өткен үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысының басқа да қорытындылары туралы бүгін кезекті отырыс барысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев хабарлады.

Қайрат Төребаев осы уақытқа дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон, дипломатия, автомобиль қатынасы саласындағы 4 екіжақты келісім бойынша тараптармен келісу рәсімі жалғасып жатқанын хабарлады.

Вице-министр екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілеріне тоқталды:

- Өзара сауданың оң серпінін сақтау үшін сауда ағындарын одан әрі әртараптандыру талап етіледі. Өңделген өнім экспортын ұлғайту әлеуеті $230,9 млн сомасына 50 тауар позициясының болуымен расталады.

Одан басқа, бүгін Вице-министр Қазақстан атынан бірқатар нақты ұсыныстар жасады. Жергілікті компаниялар Армениямен іскерлік ынтымақтастыққа мүдделі. Осылайша, бизнес армян нарығында теміржол және автомобиль жолдарын салу, жылу желілерін жаңғырту, автомобильдер жеткізу, ғарыштық технологиялар қызметтерін ұсыну бойынша жобаларды іске асыруға дайын.

Сонымен қатар, ол қазақстандық өндірушілердің тауарларын ұсынды: "Ақтөберентген" АҚ рентген аппараттары, "Бал Текстиль" ЖШС кілем бұйымдары, "Цесна-Астық "Концерні" ЖШС ұн және макарон өнімдері, "Pure Pack"ЖШС сусындары.

Ағымдағы жылдың қазан айында бірлескен бизнес-форум дәстүрлі режимде өткізілетіні хабарланды, онда мамыр айындағы уағдаластықтарды бекіту және нақты коммерциялық келісімшарттарға қол қою күтілуде.

Бүгін 8-ші отырыстың хаттамасына қол қойылды, ол, Арменияның өкілі атап өткендей, нақты сипатқа ие және үлкен дайындық жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Армян тарапының пікірінше, қазіргі динамикаға негізделген алғышарттарды ескере отырып, елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар неғұрлым қарқынды дамуы тиіс.