Бақыт Сұлтанов Арменияға электрондық саудада бірлескен жобаларды ұсынды

Бақыт Сұлтанов Арменияға электрондық саудада бірлескен жобаларды ұсынды

COV1D-19 жаһандық пандемиясы барлық салаларда цифрландыруды дамытудың драйверіне айналды.

2020 жылы Қазақстанда электрондық сауда нарығының көлемі 2 есе өсті және бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,7% - на жетті.

        Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2021 жылғы 26 мамырда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысында мәлімдеді.

Экономикалық өзара іс-қимыл процестері цифрлық платформалардың, ақпараттық ағындар мен дерекқорлардың көбірек интеграциясын талап етеді.

"Цифрландыру кез келген мемлекет экономикасының табысты дамуының ажырамас бөлігіне айналғанын ескере отырып, осы бағытта бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынамын. Біз "әлеуметтік әмиян" жобасын енгізу кезеңінде, сәйкестікті бағалау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы субъектілерді электрондық аккредиттеу саласында жақсы жетістіктерге қол жеткіздік", - деді Министр.

Тұтастай алғанда, "E-gov" жүйесі ауқымды іске асырылып жатыр, оның шеңберінде Қазақстанның Сауда министрлігінің жақсы тәжірибесі бар.