Арменияда Абай мен Әл-Фарабидің мұрасы жайлы дөңгелек үстел өтті

Арменияда Абай мен Әл-Фарабидің мұрасы жайлы дөңгелек үстел өтті

Арменияда Абай мен Әл-Фарабидің мұрасы жайлы дөңгелек үстел өтті

       Ереван, 2020 жылғы 22 желтоқсан – Ереван мемлекеттік университетінде (ЕМУ) Абай Құнанбайұлы атындағы Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы ашылды.

       Бұл оқиға ақынның 175 жылдығын, сондай-ақ әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге орайластырылып, жоғарғы оқу орнымен мен Қазақстан Елшілігінің тығыз ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.

       Орталықтың міндеті-қазақ әдебиетінің классиктерінің мұрасын насихаттау және тарату, сондай-ақ екі елдің мәдениетаралық байланыстары мен гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту.

Ашылу салтанатына университет ректоры академик Гегам Геворкян, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, аспиранттар мен студенттер қатысты.

        Университет басшылығы мен Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев өз сөздерінде Абай мұрасының тек қазақ тілі мен еліміздің тарихын ғана емес, жалпы түркітану мен шығыстану ғылымын оқып-үйренудегі маңызын атап өтті.

        Орталық университет ғимаратының 3-қабатында орналасқан. Үй-жай қазақ өмірінің, тұрмысының арнайы техникасымен және атрибуттарымен, сондай-ақ білімді тиімді меңгеруге арналған кітапханамен жабдықталған.

        Сол күні бейнеконференция режимінде Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

       Іс-шараны ашқан Елші Т.Оразаев аталған тұлғалар Ұлы даладан шыққан теңдессіз ойшылдар және еліміздің мақтанышы болып табылатынын атап өтті.

       "Абай-әлемнің, Шығыс пен Батыс арасындағы бейбітшіліктің бірлігіне ұмтылған және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына үлес қосқан ұлы тұлға. Оның есімі мен ойлары тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігіне айналды. Сондықтан Қазақстан Республикасында 10 тамызды "Абай күні", гуманизм және жасампаздық күні ретінде бекітті", - деп атап өтті өз сөзінде Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы.

        Қазақстан СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан Құрмансейіт Армян тарапына Қазақстан Елшілігінің Мәдени жобаларына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдіріп, осындай ынтымақтастықтың жемісті жалғасатынына сенім білдірді.

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жақыпбек Алтаев қатысушылардың назарын әл-Фараби ілімі адамзат идеяларының әлемдік қазынасына кіретініне, ал оның мұрасы Шығыс пен Батыстың зияткерлік инновацияларын біріктіретініне аударды.

          Іс-шараға Ресей-Армян университетінің ректоры Армен Дарбинян, Ереван мемлекеттік университетінің түркология кафедрасының меңгерушісі Александр Сафарян, М. Әуезов атындағы әдебиет институтының директоры да қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Нұрия Есқалиева, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Халықаралық бөлімінің басшысы Эльмира Салықова, екі елдің басқа да ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.