
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды тоғыстыратын әлемдік фиджитал-спорттың орталығына айналады.
🌏 Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 800-ден астам спортшы қатысып, сегіз дисциплина бойынша бақ сынайды: Phygital Basketball, Battle Royale PUBG, Dota 2, CS2, Phygital Football, Mobile Legends, Phygital Dancing және Phygital Fighting.
🎮 Фиджитал-дисциплиналарда қатысушылар алдымен цифрлық ортада сынға түсіп, кейін жарысты нақты спорт алаңдарында – футбол алаңында, баскетбол паркетінде, жекпе-жек аймағында немесе би сахнасында жалғастырады. Қорытынды нәтиже екі форматтағы көрсеткіштердің жиынтығы бойынша анықталады.
🎥 Ашылу салтанаты 29 шілде күні Астана уақытымен сағат 17:00-де өтеді. Тікелей көрсетілімді «Жібек жолы», Qazsport, «Хабар» телеарналарынан, GOTF Astana 2026 Powered by Samruk-Kazyna ресми YouTube-арнасынан және Phygital+ платформасынан көруге болады.
🇦🇲 Армениядағы көрермендер турнир барысын Ucom желісінде қолжетімді қазақстандық «Жібек жолы» телеарнасы арқылы тамашалай алады.
⚡️ «Games of the Future 2026»
(GOTF 2026) спортты, технологияларды және инновацияларды біріктіріп, халықаралық жарыстардың жаңа форматын ұсынады.