Елші Болат Иманбаевтың Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоянмен кездесуі өтті. Сұхбат барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен оны одан әрі дамыту және нығайту перспективалары талқыланды.
Өзара сауда көлемін ұлғайту және тауарлар номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан-Армения Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының және жаңадан құрылған Іскерлік кеңестің қызметі шеңберінде ауыл шаруашылығы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсібі, құрылыс және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан мен Арменияның салалық өкілдері арасында тұрақты негізде консультациялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-армян экономикалық серіктестігін жандандыруға өзара мүдделілік расталды, сондай-ақ ағымдағы жылғы екіжақты іс-шаралар кестесі қаралды.