
Құрметті отандастар!
🌍 «Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды! Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.
⚠️ Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:
➤ Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;
➤ Жас ерекшелігі маңызды емес;
➤ Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;
➤ Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;
➤ Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.
💫 Курстың артықшылықтары
Тілді меңгеру мүмкіндігі:
✔️ Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;
✔️ Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.
💡 Тілдік орта қалыптастыру:
Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.
🗺️ Мәдениетпен танысу:
▪️Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді.
▪️Өз-өзіне сенімділік: Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.
📈 Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.
Курсты толық аяқтау:
➤ Барлық сабақтарды толық өту;
➤ Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту;
➤ Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру;
➤ Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;
Неге дәл осы курс?
➤ Сізге арналған интерактивті сабақтар;
➤ Сабаққа қолайлы уақыт;
➤ Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.
📆 Онлайн қазақ тілі курсы орыс тілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.
Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз:
👉 Орыс тіліндегі тест
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog
Орыс тілді аудитория үшін:
➤ 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы;
➤ 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы;
➤ 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы;
➤ 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобы.
Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:
А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy
А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy
В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6
В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6
Сабақ кестесі барлық қатысушылар тестілеуден өткеннен кейін жіберіледі. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады.