Қазақстан-Армения ынтамақтастығы: келісімдерді іске асыруға және нақты нәтижелерге басты назар

Қазақстан-Армения ынтамақтастығы: келісімдерді іске асыруға және нақты нәтижелерге басты назар

Ереван, 2026 жылғы 16 қаңтар - Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Вице-премьері, Қазақстан-Армения үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының тең төрағасы Мгер Григорянмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар сенім, өзара құрмет және прагматизм рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың серпінді сипатын атап өтті. 2025 жылы елдер арасында орнатылған стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген қарым-қатынас екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге берік негіз және қосымша мүмкіндіктер қалыптастыратыны ерекше атап өтілді.

Сұхбаттасушылар Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бағытталған алдағы қадамдар мен практикалық шараларды талқылады. Осы орайда, Қазақстан-Армения үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 11-отырысының шешімдерін орындау барысы жөнінде пікір алмасу өтті.

Сонымен бірге, тараптар, ағымдағы жылға арналған екіжақты күн тәртібінің басым бағыттарын және оларды іске асыру тәсілдерін қарастырды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын одан әрі ұлғайту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияны кеңейту, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен цифрлық экономика салаларындағы бірлескен жобаларды нақты нәтижелерге қол жеткізуге басымдық бере отырып ілгерілету міндеттері белгіленді. Осы тұрғыда бірлескен үкіметаралық комиссияның практикалық өзара іс-қимылды үйлестіру және шешімдер әзірлеудің тиімді құралы ретіндегі маңызды рөлі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы достық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты жандандыруға өзара мүдделілігін растады.