
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтеді.
18 жасқа толған және Армения Республикасының аумағында тұрақты не уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Ереван қаласы, Г.Арутюнян көшесі, 11-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 439 референдум учаскесінде референдумға қатыса алады.
Учаскенің жұмыс уақыты: 07:00-ден 20:00-ге дейін.
Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін consulerevan@mfa.kz электрондық поштасына «Республикалық референдум» деген белгімен алдын ала төмендегі мәліметтерді жолдау қажет немесе https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf_COhNIoDsFfuE3r2nLrRvHNOhT9xvbScCjWVFwJhsr8w8dA/viewform?usp=publish-editor сілтемесін басыңыз:
Егер сізде сұрақтар туындаса, Елшілікке мына телефон арқылы хабарласуға болады: 📞 +374 989 359 30.
Қосымша ақпаратты Орталық референдум комиссиясының ресми сайтынан: https://www.election.gov.kz, сондай-ақ Елшіліктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінен алуға болады.
