Тарихи отанға оралу мәселелері жөніндегі
ЖАДЫНАМА
Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.
2. «Оралман» мәртебесі қалай және кіммен беріледі?
Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады |
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне береді |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды |
Анықтама:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
3. Оралмандарға, этникалық қазақстарға және олардың отбасы мүшелеріне берілетін мемлекеттік қолдау шаралары
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандарда келесі жеңілдіктер бар:
4. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
5. Қазақстан Республикасында білім алу
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері –
2 пайыз.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шегінде келген оралмандарға қолғабыс ету
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары беріледі:
7. Қай кезде «оралман» мәртебесі тоқтатылады?
8. Халықтың көші-қоны саласындағы
мемлекеттік органдарының құзыреті:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі; оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарайды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және ішкі істер органдары: жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді; Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады; шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады; көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелері: бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі; Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді; Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді.
9. Қандай заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге
назар аудару керек:
Жоғарыда көрсетілген заңдар және нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде табуға болады (www.adilet.gov.kz).