Урал астанасы - Екатеринбург Наурыз мерекесін атап өтті

Урал астанасы - Екатеринбург Наурыз мерекесін атап өтті

2025 жылғы 24 наурыз, Екатеринбург - алғаш рет Қазақстан тарапының бастамасымен Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның бас консулдықтары бірігіп Наурыз мейрамын өткізді.  

Өз сөзінде Қазақстанның Бас консулы Ж.Мамутбеков «Қазақстанда Наурыз мейрамы мәдени кодтың маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнаманың онкүндігі бекітілді. Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес мереке 14-23 наурыз аралығында 10 күн атап өтіледі. Онкүндіктің әр күні Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерінің байлығына арналған.

Бірлік пен бейбітшілік әрқашан еліміздің ең маңызды құндылықтары болып табылады. Этникалық және діни айырмашылықтарға қарамастан, қазақстандықтардың осы көктемгі мерекені бірге қарсы алатындығы  қуантады. Біздің бірлігіміз болашаққа сенімді түрде қарауға және алға жылжуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бүгін біз уралдықтар Наурыз мейрамы туралы біліп қана қоймай, оның рухын – отбасылық жылулықты, көктемнің бірлігі мен қуанышын сезінуі үшін қуанышпен бөліскіміз келді».

Дипломат Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның бас консулдықтарының әріптестеріне іс-шараны бірлесіп өткізу бастамамызды қолдау көрсеткен үшін алғысын білдірді.

Іс-шараға қатысушыларды Свердлов облысының Халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрі В.Ярин, Свердлов облысының Заң шығарушы Жиналысының депутаты В.Вегнер, Ресей СІМ-нің Екатеринбургтегі өкілінің міндетін атқарушы А.Иванов шын жүректен құттықтады.

Мерекелік іс-шара бағдарламасы аясында ұлттық дәстүрлер, халық шығармашылығының бұйымдары көрсетіліп, бай дастархан жайылды.

Қазақтың «Тұсау кесу» салтының міндетті шартын сақтай отырып, кесуши - дені сау, табысты және құрметті адам болуы тиіс, сәбидің тұсау кесу салтының басты миссиясын министр В.Яринге жүктелді.

Сонымен қатар, Бас Консул «Урал қазақтары» Свердлов аймақтық халықтар достығын дамыту қоғамдық ұйымының төрағасы К.Қасымбекованың, «Керуен» ЖШҚ атқарушы директоры А.Беркімбаевтың, сондай-ақ ҚР Пермь қаласындағы Құрметті консулы А.Коневтің жауаптылығының, ұйымшылдығының, жеделдігінің арқасында қонақтар қазақ халқының мәдениетіне қол тигізіп, қазақ халқының талғамын сезіне алғанын ерекше атап өтті.

Фотосуреттердің авторы Борис Ярков, "Облыстық газет " Свердлов облысы.