Екатеринбургте"Наурызнама" тұжырымдамасы бойынша дәріс өтті

Екатеринбургте"Наурызнама" тұжырымдамасы  бойынша дәріс өтті

2025 жылғы 19 наурызда Бас консулдық пен Свердловск өңірлік «Урал қазақтары» халықтар достығын дамыту қоғамдық ұйымының қолдауымен «Наурызнама» тұжырымдамасы бойынша дәріс өтті.

«Урал қазақтары» қоғамдық ұйымының төрағасы Қ.Қасымбекова өз сөзінде, 14 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталып, оның биылғы жылы терең мағынаға ие болғанын атап өтті.

2024 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнаманың онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді.

«Наурыз» бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ Қазақстанның өткенін, бүгінін және болашағын бейнелейді.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Наурызнама-мыңдаған жылдардан бастау алған халқымыздың мәдени мұрасы. Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Егер Наурыз Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Кавказда, Балқанда атап өтілетін Халықаралық мереке болса, онда Наурызнама – кемінде 8 күнге созылатын Ұлы даланың халықтық мерекесі. Бұл туралы Ұлы Абай, белгілі этнограф-ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған.

Осылайша, Наурызнама-бұл жасанды инновация емес, мерекелер әрқашан көп қырлы және көпкүндік болатын дәстүрлі үлгіні дамыту.

Бұл бірегей мереке әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы адамдарды біріктіріп, ұлттық дәстүрлерге деген бірлік, өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын қалыптастырады.

Наурыздың басты біріктіруші идеясы - бұл мереке өткен мен бүгіннің, Қазақстанның түрлі мәдениеттері мен дәстүрлерінің арасындағы көпірге айналады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында қазақтың ұлттық киімдері көрсетілді.