Урал Федералды университетінің студенттерін «Қазақстан» Нысаналы капитал қорының атаулы стипендияларымен марапаттау рәсімі өтті

Урал Федералды университетінің студенттерін «Қазақстан» Нысаналы капитал қорының атаулы стипендияларымен марапаттау рәсімі өтті

Екатеринбург, 2026 ж. 27 мамыр - Урал Федералды университетінің студенттерін «Қазақстан» Нысаналы капитал қорының атаулы стипендияларымен марапаттау рәсімі өтті. 29 қазақстандық бакалаврлар, магистранттар және аспиранттар грант иегерлері атанды.

 ҚР Екатеринбургтегі Бас консулы Жарас Мамутбеков УрФУ – сапаның мықты белгісі екенін атап өтті. Бұл білімі ошағы Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі, әртүрлі салалардағы жоғары кәсіби кадрлардың бірегей ұстасы болып табылады.

Стипендиаттарды құттықтап, Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін «Қазақстан» Нысаналы капитал қорының құрылтайшыларына алғысын білдірді.

«Қазақстан» Нысаналы капиталының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мақсұдбек Раханов студенттерге оқуын сәтті аяқтап, Отанға оралып, еліміздің кәсіпорындарында мансап құруды тіледі.

«Қазақстан» Нысаналы капитал қорын 2015 жылы УПИ, УрМУ, УрФУ түлектерінің қазақстандық қауымдастығы құрды.

УрФУ ақпараты бойынша, ЖОО-да 1225 Қазақстан азаматы оқиды: бакалавриатта – 879, специалитетте – 139, магистратурада – 189, аспирантурада – 18.