ҚР Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Ж.Мамутбеков Урал мемлекеттік қатынас жолдары университеті ректорының м.а. О.Балагинмен кездесті

ҚР Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Ж.Мамутбеков Урал мемлекеттік қатынас жолдары университеті ректорының м.а. О.Балагинмен кездесті

Екатеринбург, 2026 ж. 28 мамыр - Бас консул Ж.Мамутбеков Урал мемлекеттік қатынас жолдары университеті ректорының м.а. О.Балагинмен кездесті.

Тараптар жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан білім беру саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы динамикасына қанағаттанушылықтарын білдірді, сондай-ақ Урал мемлекеттік қатынас жолдары университетінде қазақстандық студенттерді оқыту мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда олардың саны 72 адамды құрайды.

Сонымен қатар, Ж.Мамутбеков Қазақстандағы заманауи реформалар туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тағылымдамаларды іске асыру арқылы іс-қимылды ұлғайтуға және тәжірибе алмасуды жандандыруға келісті.