
2026 жылғы 22 мамырда Қазақстанның Екатеринбургтегі Бас консулдығының қолдауымен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы Астана қаласының туристік әлеуетінің таныстыру үшін Екатеринбург қаласында роуд-шоу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты-туризм саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа әріптeстік байланыстарды орнату, сондай-ақ қазіргі заманғы және қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыт ретінде Қазақстан астанасының имиджін нығайту болды.
Бағдарлама шеңберінде Астана қаласы мен Свердлов облысының туристік индустрия өкілдері арасында B2B-кездесулер өткізілді, олардың барысында өзара туристік алмасуды дамыту, маршруттық желіні кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және екі өңірдің туристік өнімдерін ілгерілетудің бастамалары талқыланды.
Сондай-ақ, Астананың іс-шаралар күнтізбесі, негізгі туристік өнімдері мен бағыттары: b-leisure (business + leisure), медициналық, өнеркәсіптік, мәдени-ойын-сауық, wellness-және гастрономиялық туризм ұсынылды.
«Astana Tourism» делегациясының құрамына мемлекеттік органдардың, туроператорлардың, қонақ үй бизнесінің, авиакомпаниялардың, туристік объектілердің және Қазақстанның туристік индустриясының басқа да өкілдері кірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС мен Свердлов облысының «Свердлов облысының Туризмді дамыту орталығы» мемлекеттік бюджеттік мекемесі («СО ТДО» МБМ) арасында әріптeстік байланыстарды дамытуды, туризм саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруды және Астана қаласы мен Свердлов облысы арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуды көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.