ҚР Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Ж.Мамутбеков Урал Федералды университетінің ректоры И.Обабковпен кездесті

ҚР Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Ж.Мамутбеков Урал Федералды университетінің ректоры И.Обабковпен кездесті

Екатеринбург, 14 сәуір 2026 ж. - Бас консул Ж.Мамутбеков Урал Федералды университетінің ректоры И.Обабковпен кездесті.

Тараптар жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан білім беру саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы динамикасына қанағаттанушылықтарын білдірді, сондай-ақ қазақстандық студенттерді УрФУ-да оқыту мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда олардың саны 1312 адамды құрайды.

Сонымен қатар, Ж.Мамутбеков Қазақстандағы заманауи реформалар туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тағылымдамалар және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру арқылы өзара іс-қимылды ұлғайтуға және тәжірибе алмасуды жандандыруға келісті.