Қазақстан цифрлық трансформацияның аймақтық жетекшісі

Қазақстан цифрлық трансформацияның аймақтық жетекшісі

4-6 желтоқсан, Түмен - Қазақстанның Екатеринбургтегі Бас консулы Ж.Мамутбеков «Билік кеңістігі: Мемлекеттік басқару және Ресей империясының азия бөлігінің өңірлік ерекшелігі (XVIII — XX ғасырдың басы)» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. 

 

Өз сөзінде дипломат Түмен  мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін осы жоғары оқу орнының құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтады.

Ү.ж. қараша айында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Мәскеуге мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі қол қою басты мәселе болғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Ж.Мамутбеков Қазақстандағы заманауи реформалар туралы айтып берді. Қазақстан өңірлік цифрлық хаб болуға ұмтылып отырғанына ерекше назар аударды. Бүгінгі таңда Қазақстан қаржылық технология және IT-қызметтер экспорты саласында, мемлекеттік қызметтер көрсетуде, жасанды интеллектті дамытуда және кең жолақты қолжетімділікті кеңейтуде цифрлық трансформацияның өңірлік көшбасшысы болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ««Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында, цифрландыруды экономиканы жаңғырту мен өмір сапасын арттырудың негізгі құралы етіп, Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық елге айналдыру мақсаты қойылғанын атап өтті.

Конференцияға қатысушыларға тарихи оқиғаларды бағалау және талдау барысында біздің халықтарымыз ғасырлар бойы қатар өмір сүріп, қуаныш пен сынақтарды бөлісіп, Еуразияның біртұтас мәдени кеңістігін құрғанын есте сақтауды ұсынды. Бізді дәстүрлі құндылықтарды жалпы қабылдау біріктіреді. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз тұрақтылық пен тату көршілікті сақтау мен қорғау және оларды ұрпақтарымызға ең қымбат мұра ретінде табыстау.

         Қазақстандық тараптан Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Р. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің өкілдері де қатысты.

Бас консул осы іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін ҚР Түмен қаласындағы Құрметті консулы В.Квасовқа алғысын білдірді.