Пермьмен аймақтық екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Пермьмен аймақтық екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

27 қараша, Екатеринбург - ҚР Екатеринбургтегі Бас консулы Ж.Мамутбеков Пермь қаласының басшысы Э.Соснинмен кездесті.

         Әңгімелесу барысында тараптар ынтымақтастық, оның ішінде сауда-экономикалық, өңіраралық байланыстарды дамыту, жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынасты нығайту және туризм саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

         Ж.Мамутбеков Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ««Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауымен жан-жақты таныстырды.

Бүгінгі таңда Қазақстан қаржылық технология және IT-қызметтер экспорты саласында, мемлекеттік қызметтер көрсетуде, жасанды интеллектті дамытуда және кең жолақты қолжетімділікті кеңейтуде цифрлық трансформацияның өңірлік көшбасшысы болып табылатынын атап өтті.

Орталық Азиядағы алғашқы толық цифрлық Alatau city құрылысы туралы, сондай-ақ онда криптовалюталарды пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі бар Smart City технологиялары жұмыс істейтінін айтып берді. Бұл қала технологиялық тұрғыда прогресті өмір сүру үшін барынша қолайлы ортамен үйлестіре отырып, Қазақстанның болашағының бейнесін бейнелейтін болады.

Сонымен қатар, кездесуде біздің өңірлермен екіжақты құжаттарға қол қою мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Шымкент пен Пермь қалалары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды тездетуге үміт білдірді.