
2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Қазақстанның қазіргі авторларымен танысуға арналған «Урал» әдеби-көркем және публицистикалық журналының арнайы шығарылымының тұсаукесері өтті.
Қонақтарды қарсы ала отырып, Бас консул Ж.Мамутбеков идеяны қолдағаны үшін ресейлік тарапқа алғысын білдірді. Бас консулдықтың жұмысы өзара жанашырлыққа, достыққа, бір-біріміздің мүдделерімізді құрметтеуге негізделген елдеріміздің халықтары арасындағы қарапайым және жылы байланыстарды сақтауға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ дипломат жасанды интеллект дәуірінде Қазақстандағы мәдениет пен өнердің дамуы туралы мазмұнды баяндап берді. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біздің өңірлерде ҚР азаматтарының шығармашылық және зияткерлік капиталын дамытуға қолдау көрсететін Креативті индустрия орталықтары жұмыс істейтіндігі айтылды.
Осыған байланысты Қазақстанның облыстары мен Урал федералды округі арасындағы мәдениет және креативті индустрия саласындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын жандандыруды ұсынды.
«Екіжақты ынтымақтастықта гуманитарлық өзара іс-қимыл ерекше орын алады. Қазақстанның қазіргі авторларының дауысы «Урал» журналының беттерінде көрініс тапқаны үшін аталған журналдың редакциясына алғыс айтамын. Бұл жоба біздің облыс пен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған қадам болатынына, жаңа бірлескен бастамаларға серпін беретініне және ынтымақтастықты дамытуға үлкен ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Свердлов облысы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрінің м.а. В.Ярин.
«Қазақстандағы орыс тілді әдебиет-Қазақстанда орыс тілінің бар екендігінің айқын дәлелі. Өз ойынды жеткізу ғана емес, сондай-ақ ойлану», - «Урал» журналының бас редакторы О.Богаевтың айтуынша.
Тұсаукесерге Свердлов облысының министрліктері мен ведомстволарының басшылығы, ғылыми қоғамдастық пен азаматтық қоғам өкілдері, елде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ БАҚ қатысты.
«Урал» журналының арнайы шығарылымында келесі жұмыстар басылды:
- Рашид Стикеев – «Путешествие в обратно» (соғыс және соғыстан кейінгі өмір).
- Унзила Мыңбай - "Рахмет, айналайын ... «Алиса» (негізінен «Алисамен» сөйлесетін қарт әйел туралы).
- Василий Шупейкин - «Опричники во «Второй пятилетке» (Алматының өткен ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы).
- Людмила Лазарева - «Пестрые горы. Записки ботаника» (мистикалық тұстары бар туынды).
- Татьяна Баканова - «Счастьюшко» и «Дочь танкиста» (отбасылық құндылықтарға арналған).
Қазақ поэзиясын Анар Ізден және Еркебұлан Ұлықбеков ұсынды.