Екатеринбург, 2025 жылғы 9 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның Екатеринбургтегі Бас консулдығы мен Орта Уралдың дәстүрлі халық мәдениеті орталығы және «Урал қазақтары» халықтар достығын дамыту қоғамдық ұйымы бірлесіп, «Музыка шекараны білмейді» атты қазақ домбырасы мен орыс балалайкасының фестивалін өткізді.
Қазақ халқының музыкалық мұрасы мен ұлттық дәмін Е.Өмірзақова атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Ақжелең» ансамблі, көркемдік жетекшісі Н.Молдахметов бастаған әртістері ұсынды.
Репертуардың негізін қазақ фольклорының - күй және терме жанрлары құрады.
Фестиваль бағдарламасының атмосфералық көңіл-күйін Екатеринбург қаласының музыкалық мектептерінің кәсіби ішекті аспаптар оқытушылары қолдап, балалайкада танымал композициялар орындады.
Өз сөзінде Қазақстанның Бас консулы Ж.Мамутбеков фестивальде Қазақстан халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған «Бір шаңырақ астында» көрме экспозициясы аясында екі апалы-сіңлілі ретінде домбыра мен балалайка бірге символдық түрде шырқалатынын атап өтті-бұл біздің көпұлтты елімізде тұратын түрлі этностардың өкілдері арасындағы достықты, келісім мен құрметті білдіреді!