Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізу мәселелері Душанбеде талқыланды

Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізу мәселелері Душанбеде талқыланды

Душанбе, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы экспорт агенттігінің директоры Бахриддин Сироджиддинзодамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзара іс-қимылын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету және елдерімізде өткізілетін сауда іс-шараларына қатысу өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды, 2024 жылы Қазақстан қалаларында өткізілген тәжік өнімдері жәрмеңкелерінің рөлі оң бағаланды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығының 2 млрд. долларға дейін ұлғаю әлеуеті бар кең перспективалары бар екенін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 1,29 млрд. долларды құрады.