Қазақстан Елшісі У.Төреханов Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Д.Джумамен кездесті

Қазақстан Елшісі У.Төреханов Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Д.Джумамен кездесті

12 тамыз 2022 жыл, Душанбе. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джумамен кездесті.

Кездесу барысында су ресурстарын бірлесіп пайдалану, оның ішінде «Бахри Точик» су қоймасынан тұрақты су жіберу мәнмәтінінде мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Тараптар екі елдің энергетика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл нақты бағыттарын қарап, жоғарғы және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.