Елші Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабирмен кездесті

Елші Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі  Шерали Кабирмен кездесті

19 шілде 2022 жыл, Душанбе. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабирмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы мамырда Душанбе қаласына жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру тұрғысында екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын одан әрі жандандыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Тәжікстан аумағында көтерме-тарату орталықтарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар өзара сауданың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атады.