Төтенше және Өкілетті Елші Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Хусейнзодамен кездесті

Төтенше және Өкілетті Елші Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Хусейнзодамен кездесті

2021 жылғы 29 қаңтарда Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Хусейнзодамен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды екіжақты негізде дамытудың және ынтымақтастықтың көпжақты форматтары шеңберіндегі өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан елшісі сұхбаттасушыны жақында құрылған Халықаралық даму жөніндегі қазақстандық агенттіктің (KazAID) қызметі туралы хабардар етті. Әңгіме аясында Тәжікстанда дамуға ресми көмек саласындағы жобаларды іске асыру бойынша бірлескен қадамдар туралы мәселе талқыланды.

Кездесу соңында Елші Тәжікстан сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасарына кездесу үшін және Тәжікстан тарапы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-тәжікстан қарым-қатынастарын одан әрі нығайту ісінде сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігі үшін алғысын білдірді.