
Душанбе, 2026 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Идибек Каландармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықтың оң серпінін қанағаттанушылықпен атап өтті және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар екі елдің көпжақты платформалар, соның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ОАӨАҮО және т.б. шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, бірқатар өзекті халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтіп, екі елдің сыртқы саяси бастамаларын өзара қолдауға қанағаттанушылық білдірді.
Сұхбаттасу соңында У.Төреханов И.Каландарға кездесуі үшін және тәжік тарапының барлық салалардағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға әзірлігі үшін алғысын білдірді.