Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс бере алады

Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс бере алады

2026 жылғы 23 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігіндегі №436 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесі Душанбе уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.

Сайлау учаскесінің мекенжайы: Душанбе қаласы, Хусейнзода көшесі 31/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.