
Чилдухтарон, 2026 жылғы 3-4 маусым - Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі У.Төрехановтың Хатлон облысының Муминобад ауданына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында Хатлон облысының төрағасы Д.Саидпен кездесу өтті, онда Мемлекет басшыларының экономикалық ынтымақтастықты жандандыру және екіжақты тауар айналымын 2 млрд. долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Тәжікстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Өзара сауданы ұлғайту, инвестициялар тарту бойынша бірлескен жұмыстың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Тәжікстан Республикасы Хатлон облысының кәсіпкерлерімен ынтымақтастығының ықтимал бағыттары қаралды.
Өңірлік ынтымақтастық шеңберінде тараптар ү.ж. маусымының екінші жартысында Алматы қаласында тәжік ауыл шаруашылығы өнімдерінің ауқымды жәрмеңкесі мен халық қолөнері көрмесін өткізу жөніндегі тараптардың іс-қимылдарының одан әрі алгоритмі келісілді.
Сапар барысында қазақстандық дипломат «Чилдухтарон» тарихи – мәдени кешенінде өткен «Хатлон – өркениеттер мен туризм өлкесі» Халықаралық туристік инвестициялық форумының жұмысына қатысты.