
Душанбе, 2026 жылғы 25 мамыр – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі «Тұрақты даму үшін су, 2018–2028 жылдар» халықаралық онжылдық іс-қимыл жоспары» атты жоғары деңгейлі халықаралық конференция аясында өткен халық қолөнері мен ұлттық тағам фестиваліне белсене қатысты.
Фестиваль көптеген мемлекеттердің өкілдерін бір арнаға жинап, планетаның су ресурстарын сақтау және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу деген ортақ мұрат төңірегінде біріккен халықтардың мәдени алуантүрлілігін айқын көрсетті.
Қазақстандық экспозиция іс-шара қатысушылары мен қонақтарының шынайы қызығушылығы тудырды. Елшіліктің стендінде дәстүрлі қазақ қолданбалы өнерінің үлгілері: киізден жасалған бұйымдар, ұлттық зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттар және қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихы мен өзіндік мәдениетін бейнелейтін сәндік-қолданбалы шығармашылық туындылары ұсынылды.
Қазақстанның ұлттық тағамдары экспозициясы ерекше орын алды. Фестиваль қонақтары дәстүрлі қазақ тағамдарын татып көріп, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен аспаздық дәстүрлермен танысты.
Іс-шараға дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері ғана емес, дипломаттардың отбасы мүшелері де үлкен ынта-жігермен қатысып, қазақстандық экспозицияны дайындауға және өткізуге елеулі үлес қосты. Олардың қатысуы іс-шараға ерекше жылылық пен отбасылық ахуал сыйлап, қазақстандықтардың өз мәдениеті мен дәстүрлеріне деген шынайы сүйіспеншілігін айқын көрсетті.
Фестиваль мәдениет пен аспаздық өнердің мерекесіне ғана айналып қоймай, мемлекетаралық және халықаралық байланыстарды нығайтудың маңызды дипломатиялық алаңына да айналды.