Тәжікстанда академик Қаныш Сәтпаевты еске алу шарасы өтті

Тәжікстанда академик Қаныш Сәтпаевты еске алу шарасы өтті

Душанбе, 2026 жылғы 10 сәуір – Геология, сейсмологиялық құрылыс және сейсмология институтында тәжік академиялық ғылымының қызметін ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия аймағында геологиялық зерттеулермен танымал, Тәжікстан Ғылым Академиясының тұңғыш құрметті академигі, көрнекті қазақстандық ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың естелік мемориалдық тақтасының жанына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов, Тәжікстан Ұлттық Ғылым Академиясының Бірінші Вице-Президенті Амонзода Илхом Темур, Тәжікстанның Геология, сейсмологиялық құрылыс және сейсмология институтының басшылығы мен ұжымы, Қазақстан елшілігінің қызметкерлері, ғылыми қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Өзінің сөзінде Елші У.Төреханов Ұлттық ғылым академиясы мен институт басшылығына Қ.Сәтпаевты тәжік жерінде еске алуға мүмкіндік берген іс-шараны ұйымдастыруға ықпалдастық көрсеткені үшін алғыс айтып, ғылым саласындағы қазақ-тәжік қатынастарының серпінді дами беретініне сенімдік білдірді.

ТР Ұлттық ғылым академиясының Бірінші Вице-Президенті И.Амонзода академик Қ.Сәтпаевтың Тәжікстандағы қызметінің жоғары рөлін атап өтіп, оның өмірі мен ғылымға қызмет етуі тек геологтар үшін ғана емес, ғылымның басқа салаларындағы жас ұрпақ үшін де үлгі болып қала беретінін жеткізді.

Қ.Сәтпаевтың естелік мемориалдық тақтасы 2018 жылы 13 сәуірде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің бастамасымен Тәжікстан және Ұлттық ғылым академиясы басшылығының қолдауымен ашылған болатын.