Душанбеде Наурыз мерекесінде Қазақстанның дәстүрі мен мәдениеті таныстырылды

Душанбеде Наурыз мерекесінде Қазақстанның дәстүрі мен мәдениеті таныстырылды

Душанбе, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігі Мирзо Турсунзода атындағы Тәжік Мемлекеттік мәдениет және өнер институтында өткен Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шараға қатысты.

Мерекелік бағдарлама аясында Елшілік Қазақстанның мәдени бұрышын ұйымдастырып, іс-шараға қатысқан студенттерді, оқытушыларды және қонақтарды қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен дәстүрлерімен таныстырды.

Келушілер дәстүрлі қазақ қолөнерінің үлгілерімен, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстан мәдениетінің тарихи және эстетикалық ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық киім үлгілерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, мәдени бұрыш Наурыз мерекесіне байланысты ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы материалдармен толықтырылды. Наурыз – табиғаттың жаңаруын, татулық пен бірлікті білдіретін, Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналатын ежелгі мереке.

Іс-шара аясында институт өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Тәжікстанның жоғары оқу орындары арасындағы білім беру, академиялық алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларын кеңейту перспективаларын талқылады.

Екі ел жастары арасындағы байланыстарды нығайту, студенттік белсенділікті дамыту, бірлескен ғылыми және мәдени іс-шараларды өткізу, сондай-ақ мәдениет пен өнер саласында мамандар даярлау бағытында тәжірибе алмасудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.