
Душанбе уақыты бойынша сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы №436 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша дауыс беру үшін ашылды.
Сайлау күні 18 жасқа толған және сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Референдум учаскесі Душанбе уақыты бойынша таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық.
Учаскенің мекенжайы: Душанбе қаласы, Хусейнзода көшесі 31/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Учаскеге келген кезде өзіңізбен бірге паспорт немесе қазақстандық жеке куәлік болуы қажет.