Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Душанбеде талқыланды

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-өнеркәсіптік  ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Душанбеде талқыланды

Душанбе, 2026 жылғы 13 наурыз – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Фарходшох Рахмонализодамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар экономика, сауда және инвестициялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, сондай-ақ екі елдің іскерлік миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелерге белсенді қатысу және іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

2025 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 1,19 млрд. АҚШ долларын құрағаны атап өтілді. Тараптар екі елдің тиісті құрылымдары мен бизнес-қоғамдастықтарының бірлескен күш-жігерімен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты 2 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту әлеуетінің кең перспективалары бар екенін айтты.

Екі елдің бизнес-топтары арасындағы тұрақты диалогты қолдау мақсатында Қазақстан-Тәжікстан Іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізу мәселесі қозғалды. Өз кезегінде Ф.Рахмонализода 2026 жылы Тәжікстанда жоспарланған халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысуға шақырды.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық саладағы қазақ-тәжік байланыстарын нығайту ісінде жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.