Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқыланды

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстанның  сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқыланды

Душанбе, 2026 жылғы 23 ақпан – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Абдурахмон Абдурахмонзодамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзара іс-қимылын дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ екі елдің аумағында түрлі салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Тараптар Душанбе қаласында кезекті отырысы жоспарланып отырған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның рөлін оң бағалады. ҮАК отырысына 2030 жылға дейінгі тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасын дайындау ұсынылды.

Қазақстандық дипломат қазақ тарапының ҚР мен ТР арасындағы жеткізілетін тауарлар номенклатурасын жалпы сомасы шамамен 200 млн. долларға кеңейтуге дайындығы туралы хабарлады, екіжақты сауданы ынталандыру үшін «KazakhExport» Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржы-сақтандыру құралдарын пайдалануға шақырды, сондай-ақ ҚР Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторларды қолдау жөніндегі шаралары туралы баянданды.

Екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығының
2 млрд. долларға дейін ұлғаю әлеуеті бар кең болашағы бар екені атап өтілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 1,19 млрд. долларды құрады.

Кездесу соңында тараптар экономикалық саладағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайту ісінде жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.