Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Душанбе, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның шетелдермен достық және мәдени байланыстар қоғамы президиумының төрағасы Сайдулло Хайруллоевпен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-тәжік ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасып, екі елдің қоғамдық және мәдени ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Халықтар арасындағы достықты нығайтуға, мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуге, Қазақстан мен Тәжікстанның тарихи мұрасын насихаттауға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылды.

У.Төреханов екі ел қоғамдары арасындағы өзара түсіністік пен жақындасуды нығайтуға септігін тигізетін мәдени алмасуларды жандандыру мен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан Елшілігінің гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге бейілділігін атап өтті.

Өз кезегінде С.Хайруллоев Тәжікстан Достық қоғамының қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтып, бірлескен мәдени бағдарламалар, көрмелер, шығармашылық алмасулар, білім беру жобалары сұранысын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық диалогты жалғастырып, алдағы кезеңге арналған нақты шараларды әзірлеуге келісті.