Қазақстан мен Тәжікстан мәдени байланысын кино арқылы нығайтуда

Қазақстан мен Тәжікстан мәдени байланысын кино арқылы нығайтуда

Душанбе, 2025 жылғы 28 қазан – Республика күнін мерекелеу аясында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі «Тәжікфильм» мемлекеттік мекемесі және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп ұйымдастырған Қазақ киносы күндерінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Тәжікстандағы қазақ киносының күндері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон арасындағы екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған келісімдердің нәтижесі болды.

Шарада қазақ халқының рухын, ұлтжандылығын, туған жерге деген сүйіспеншілігін, күш-қуатын, бірлікке деген ұмтылысын бейнелейтін «Патриоттар уақыты», «Қажымұқан», «Әміре» атты заманауи қазақ фильмдері көрсетілді.

Шара қонақтарына Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақ киносының күндері Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық пен мәдени бірліктің берік байланысының айқын көрінісі екенін атап өтті. Елші кино өзара түсіністік, мәдени дәстүрлер алмасу және тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту үшін маңызды көпір қызметін атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ, «Тәжікфильм» мемлекеттік мекемесінің директоры Махмадсаид Шохиён құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Елшілігінің бастамасы және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ол қазақстандық кинематографияның бүгін тәжік көрермендеріне рухы жақын жоғары кәсібилік пен терең мазмұнды көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Патриоттар уақыты» және «Қажымұқан» фильмдерінің актерлері Зарина Хаджиметова мен Төлепберген Диас көрермендердің ерекше назарына ие болып, түсірілімнен алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздері мен тәжік көрермендерінің Қазақстан киносына деген қызығушылықтары үшін алғыстарын білдірді.

Кинотеатрдың фойесінде Қазақстанның мәдени мұрасының байлығын көрсететін қазақтың дәстүрлі кәдесыйлары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Сондай-ақ қонақтарға қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды.

Душанбедегі қазақ киносының күндері заманауи қазақ өнеріне деген жоғары қызығушылықты растайтын және елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарын нығайта түсетін жарқын мәдени оқиғаға айналды.

Фильм көрсетілімдері 2025 жылдың 30 қазанына дейін «Ватан» кинотеатрында жалғасады.