Душанбе, 2025 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрлігі ұйымдастырған халықаралық кітап көрмесіне қатысты. Шараға Тәжікстанның Мәдениет министрі Матлубахон Сатториён, елде тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, мәдениет, ғылым және білім қайраткерлері қатысты.
Көрме аясында Қазақстан Елшілігі қазақ халқының бай мәдени-тарихи мұрасын көрсететін кітаптар топтамасын ұсынды. Экспонаттар арасында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының, көрнекті ақын Жамбыл Жабаевтың, қазақтың тұңғыш ғалым-геологы, академик Қаныш Сәтпаевтың басылымдары, сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық философиясы мен мәдениеті туралы еңбектер болды.
Экспозиция көрмеге келушілердің, соның ішінде Тәжікстанның ғылыми және мәдени зиялы қауым өкілдері, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер және қалың жұртшылық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қазақстанның көрмеге қатысуы екі ел арасындағы гуманитарлық диалогты дамытуға қосқан қомақты үлесі болды және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға бейілділігін көрсетті.
Тәжікстанның Мәдениет министрі өз сөзінде әлем халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты тереңдету үшін мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Елшілігі Тәжікстан Мәдениет министрлігіне іс-шараны ұйымдастырғаны және Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық платформада таныстыру мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.