Душанбе, 2025 жылғы 14 тамыз – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төреханов Тәжікстанның инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы С.Рахимзодамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзараіс-қимылын дамыту, түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және елдерімізде өткізілетін инвестициялар саласындағы іс-шараларға қатысудың өзекті мәселелері талқыланды. С.Рахимзода казақстандық тарапты ү.ж. 14-16 қазанда өтетін «Душанбе халықаралық инвестициялық форум – 2025» белсенді қатысуды шақырды.
Астана қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясы
19-отырысының қорытындылары оң бағаланды. Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығының кең перспективалары бар екенін атап өтті.