Душанбеде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай оның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Душанбеде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай оның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Душанбе, 2025 жылғы 10 тамыз – Душанбе қаласында қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай оның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі У.Төреханов, Тәжікстан Мәдениет министрлігінің басшылығы, Елшілік өкілдері мен олардың отбасы мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері және Тәжікстан Республикасының БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі өз сөзінде Абайдың рухани мұрасының бүкіл ислам әлемі үшін маңыздылығын атап өтіп, оның ұлттық сананың, тәлім-тәрбие мен адамгершіліктің символы ретіндегі рөліне тоқталды. Ол сондай-ақ тәжік тарапына мәдени естелікті сақтауға және Қазақстанның көрнекті тұлғаларына құрмет көрсетуге көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

Абай Құнанбайұлының бюсті Душанбеде 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында орнатылып, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық пен мәдени өзара іс-қимылдың маңызды символына айналды. Ол ел астанасының орталық саябақтарының бірінің аумағында орналасқан және үнемі еске алушаралар өткізетін орынға айналады.

Іс-шара жылы, достық жағдайда өтті, бұл рухани құндылықтардың ортақтығын және Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының тату көршілік байланыстар мен мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын тағы бір реет растады.