Қазақстан Елшісінің Соғды облысына Жұмыс сапары туралы

Қазақстан Елшісінің Соғды облысына Жұмыс сапары туралы

2025 жылғы 11-13 маусымда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төрехановтың Соғды облысына жұмыс сапары өтті.

Сапар аясында қазақстандық дипломат Соғды облысының төрағасы Р.Ахмадзодамен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы 22-23 тамыздағы Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша мемлекет басшыларының тапсырмаларын іске асыру астарында Қазақстан мен Тәжікстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуде өзара сауданы ұлғайту және инвестициялар тарту жөніндегі бірлескен жұмыстың жай-күйі мен болашағы қаралды, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Тәжікстанның Соғды облысының кәсіпкерлерімен, оның ішінде шикізатты қайта өңдеу және қосылған құны жоғары тауарларды өндіру саласындағы ынтымақтастығының ықтимал бағыттары талқыланды. Қазақстанда Соғды облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізудің өзектілігі атап өтілді.

Елші У.Төреханов Ходжент қаласындағы «Сугд-2025» XI Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қатысты, сондай-ақ Ходжент қаласының өнеркәсіптік кластерінде жұмыс істейтін бірлескен қазақ-тәжік кәсіпорындарының жұмысымен танысты.