"Өнер керуені" ұлттық мәдени кеші

"Өнер керуені" ұлттық мәдени кеші

Ү.ж. 27 қарашада Дубай қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Біріккен Араб Әмірліктерінің Мәдени-ғылыми қауымдастығы (NADWA) және «Тайжарыс-Талант» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, қазақ ұлттық өнеріне арналған «Өнер керуені» мәдени кешін ұйымдастырды.

Бұл кешке Қазақстаннан және Дубайдағы қазақ қауымдастығынан 160-тан астам дарынды бала қатысып, өз өнерлерін паш етті.

Мәдени кештің аясында арнайы ұйымдастырылған концертке Әмірліктер қонақтары мен Дубайда тұратын көрермен қатысып, қазақ өнерімен танысты. Концертке келген барлығы жас өнерпаздарымыздың шеберлігін өте жоғары бағалады.