Республиканский референдум

Республиканский референдум

Құрметті отандастар! 2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдық жанындағы № 254 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.
18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы жанындағы № 254 сайлау учаскесі сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаттары бар қазіргі уақытта осы мемлекетте тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар енгізіледі.