Дубай Электрқуат және су басқармасы (DEWA) бас атқарушы директоры және UAE Water Aid Foundation (Suqia UAE) кеңесінің төрағасы Саид Мохаммед Әл Тайермен кездесу өтті.
Кездесу барысында Әл Тайерге, сондай-ақ DEWA Директорлар кеңесінің төрағасы Мәжид Хамад Рахма Әл Шамси мырзаға 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін Regional Ecological Summit халықаралық форумына ҚР Сыртқы істер министрі Е.Б. Көшербаевтың ресми шақырулары табысталды.
Тараптар экология, су және энергетика салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.