2025 жылғы 11 тамызда Аджман еркін экономикалық аймағының Бас директоры Исмаил Әл Накимен кездесу өтті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Анықтама: Аджман еркін экономикалық аймағы — Әмірліктердегі алғашқы аймақтардың бірі және 2025 жылғы «Үздік еркін экономикалық аймақ» атағын иеленді. Қазіргі уақытта бұл аймақта Қазақстан азаматтарының қатысуымен 80 компания жұмыс істейді.