Дубай қ. Қазақ мәдени орталығы ашылды

Дубай қ. Қазақ мәдени орталығы ашылды

Дубай қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының және қазақстандық кәсіпкерлердің тікелей қолдауымен Дубай қ. Қазақ мәдени орталығы ашылды.

Аталған орталық шетелдегі отандастарды біріктіру, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау мен дамыту мақсатында құрылды. Мәдени орталық аясында ұлттық мерекелер, көрмелер, мәдени шаралар, балалар мен жастарға арналған оқу курстары мен кездесулер тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарлануда.

Қазақ мәдени орталығы — отандастар арасындағы рухани байланысты нығайтып, мәдени мұраны сақтауға арналған орта болмақ.