Union COOP компаниясының Атқарушы директоры Мохамед Аль Хашимимен кездесу

Union COOP компаниясының Атқарушы директоры Мохамед Аль Хашимимен кездесу

Дубайда Қазақстан өнімдерін Біріккен Араб Әмірліктері нарығына ілгерілету аясында Union COOP компаниясының Атқарушы директоры Мохамед Аль Хашимимен кездесу өтті.

Анықтама:
Union COOP — 1982 жылы құрылған, БАӘ-дегі ең ірі сауда желілерінің бірі. Компания супермаркеттер мен гипермаркеттер желісін басқарып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын сатуға маманданған.