Ерлан Нысанбаев Абдулла Әл-Субаимен кездесті.

Ерлан Нысанбаев Абдулла Әл-Субаимен кездесті.
2024 жылғы 7-8 шілдеде Циндао қаласында (ҚХР) өткен ШЫҰ Жасыл даму форумына қатысу аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қатар Мемлекетінің Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі министрі Абдулла Әл-Субаимен кездесті.
Тараптар қалдықтарды өңдеу саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, атап айтқанда заңнамалық базаны, электр энергиясын қолдану тетіктерін, қолданыстағы тарифтер мен технологияларды талқылады.