Қатармен халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды

Қатармен халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты  кеңейту жолдары талқыланды

Доха, 2023 жылғы 7 қараша – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатардың Бас прокуроры Иса Әл-Нуеймимен кездесу өткізіп, екі елдің қадағалаушы органдары арасында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Елші А.Исағалиев сұхбат барысында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, елдің экономикалық жан-жақты дамуы жолында шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерді құқықтық тұрғыда қолдауды қамтамасыз ету үшін елде жүзеге асырылып жатқан кешенді реформалар туралы ақпарат берді.

Осы орайда қазақстандық дипломат екі ел арасында тиімді ынтымақтастық орнатудың маңыздылығына тоқталды.

Катардың Бас Прокуроры И.Әл-Нуейми Қазақстандағы адам құқықтары мен кәсіпкерлік субъектілерін қорғаудың құқықтық құралдарын нығайту шараларын жоғары бағалап, ынтымақтастықтың барлық салаларында белсенді өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бірлесіп жұмыс істеуге деген өзара ұмтылысын атап өтіп, қадағалау органдары арасындағы құқықтық базаны одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.