Астана, 2023 жылғы 21 қазан – Катар бизнесінің Астанаға сапары аясында «Самұрық-Қазына» «QazaqGaz» және «Samruk-Energy» басшылығы қатарлық «Nebras Power» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Фейсал Әл Сыддиқимен кездесу өткізді.
Тараптар энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Нәтижесінде ынтымақтастықтың келешегін егжей-тегжейлі зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Қатар делегациясының сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Катар Инвестициялар агенттігінің Аймақтық инвестициялар департаментінің басшысы шейх Фейсал бен Тани Әл Танидің кездесуі өтті.
Тараптар инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Нұрлан Жақыпов барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растап, екі егеменді қор арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.